26.07.2022
146
БУРАБЕК, ЫРЗАБЕК БАЙЛАРДЫ ӘШКЕРЕЛЕУІ
Бурабек пен Ырзабек,
Естіп едім сыртыңнан
"Дәулеті мол мырза" деп.
Көпшіліктің көңілі үшін
Мына отырған Өскінбай
Түніменен жырлап ед.
Қонақасы деп бердің
Қатып қалған кұрғақ ет.
Татымайтын жілігі,
Өзі арық, тұздағы ет.
Қызыл тілім сау болса,
Осыныңды жаярмын,
Қорықсаң, көшіп қырға кет.
Қайырсыз байға қонғаннан,
Паналы терең сай артық.
Байлардың жал мен майынан
Жоқ кісінің жарқылдап,
Күліп берген шайы артық.
Жорғасынан байлардың
Жарлының жалғыз тайы артық.
Байлардың көрген күнінен
Күнсіздің туған айы артық.
Көрмеген қайыр малынан
Қарынбайдай қастаның
Талайын кеткен жер тартып.