26.07.2022
444
МӘТЖАННЫҢ ӘЗІЛІ
Мәтжан би басқа Байұлы руларымен аралас-құралас, нағашы- жиенді, әзіл ойыны жарасқан кісі екен. Өзі революциядан кейін де, зауал шағында Кеңес үкіметінің бастамасын көріп кетіпті.
Алақаудан РСФСР құрылып жатқан кез Мәтекең белсенділерден сұрайды:
не?
- Әй, балалар, сендер «ырпысыр, ырпысыр» (РСФСР) дейсіңдер, ол
- Мәтеке, орыстар ел-елді біріктіріп, жаңа одақ құрып жатыр, -
дейді олар.
Сонда Мәтжан күліп былай депті:
- Әй, балалар, байқаңдаршы, сол «ырпысырға» беріш пен шеркеш кіріп кеткен жоқ па екен?