26.07.2022
315
АРЫШЛАН
Қашағанмен ағайындас Оразалы деген бай болған. Байлығынан түк қайыр көрмей, азып-тозып күн кешеді екен. Қанша малы болса да, тоғышар топастық байды бейшара күйге келтірген. Сол туралы Қашаған былай депті:
Оразалы байым бар,
Тозған тоқпақ бастанған,
Қазанқабын жастанған.
Шарыққа бауды тағуын,
Қой шетіне төсеніп,
Түйенің шоқпыт жабуын.
Қойды қорғап қасқырдан,
Қолына таяқ алуын.
Қырық күн шілде ішінде
Қара ұннан көже ашытып,
«Балқара» деп қануын.
Қарашы, біздің шіркін бай,
Шаруаның құлқын табуын.
Құдықтың аузын күзетіп,
Ор, дересін түзетіп,
Бет терісін түлетіп,
Төбесінен күн өтіп,
Шыбын жанын пида етіп,
Шаруаға жайын жүдетіп,
Жүргенде кетпесе игі еді,
Біздің арышланға тіл өтіп.