26.07.2022
  204


Автор: Сержан Шакрат

ӘКЕСІНІҢ ӘКЕСІН ДЕ БІЛЕДІ

Бірде Қашаған таз руында Әбіш деген кісінің үйіне түсіпті. Бұл шіріген бай екен де, бірақ өте сараң адам көрінеді. Қашаған оны мақтап: жұрт сараң деп бекер айтады, Әбіш берейін десе, қолы ашық деп келтіреді. Және оған қоса біраз ескілікті жыраулықты жырлап береді. Әбіш көңілі толып, қанша сараң болғанмен бір түйе атайды. Кетерде сыртқа шығып, әлгі түйені қараса, өте кәрі көтерем түйе екен. Сонда Қашаған қасындағы Әбіштің көзінше былай депті:



  • Әй, сен осы түйемісің?

  • Айдасам, жөнге жүремісің?

  • Көтіңнен кері сиемісің?


Сен осы Әбіштің әкесін білемісің?


Іле өзі түйе болып, жауап айтады:



  • Ия, мен түйемін ғой. Айдасаң,

  • жөнге жүремін ғой.

  • Көтімнен кері сиемін ғой.

  • Мен Әбіштің әкесі түгілі,

  • Әкесінің әкесін де білемін ғой!


Әбіш ыңғайсызданып күліп жіберіпті де, көтерем кәрі түйенің орнына Қашағанға жақсы нар мая жетелетіп, жолға салған екен.





Пікір жазу