26.07.2022
  185


Автор: Сержан Шакрат

ТҮЙЕҚАРЫН

Бала күнінде Қашаған байдың қойын баққан. Бірде шаршап, шалдығып, қой соңында келе жатса, жел айдаған бір түйеқарын қойды үркітіп, дүрліктіреді. Ызаланған Қашаған:



  • Ассалаумағалейкүм, түйеқарын,

  • Адасқан ақылынан сен бір жарым.

  • Келдің де қия шеттен, қойды үркіттің.

  • Алдыңда білмейсің бе, ненің барын?


 


дейді де, өзі түйеқарын болып жауап береді:



  • Уағалайкүміссалам! Мен түйеқарын.

  • Адасқан ақылыңнан, - дейсің,-жарым.

  • Жер кезіп, алыс жолдан келе жатсаң,

  • Алдыңда білер ме едің ненің барын?!





Пікір жазу