26.07.2022
208
ҚЫСЫП ЖАЙ ОТЫР
Қашаған базардан мәсі сатып алып киеді де, бір байдың үйіне келеді. Сонда жалданып жүрген етікші Мұстақ өзі керемет шебер болғансып, Қашағанның мәсін сынай беріпті. «Қонышы қысқа, басы тар» екен деп қоймайды. Сонда Қашаған:
Мәсімнің басы тарлау, қонышы қысқа.
Саудалап алып едім асығыста.
Болғанмен басы тарлау, қонышы қысқа,
Сипалап ұлтаны мен басын ұста.
Мұстақ-ау, өзің ақшаң түгел болса,
Былшылдамай, жай отыр, көтің қыс та..