26.07.2022
186

ЗЕРГЕРГЕ КӨЗІН ЖИЕКТЕТ
Атақты Абыл ақын айтысқандардың бәрін жеңіп жүрсе де, бір Балдай деген қыз алдыртпайды. Бұл қызды қалай сүріндіремін деп жүргенде, Балдай күйеуге шығады, күйеуінің оң көзі тыртық екен. Соны білгеннен кейін Абыл «сөйлес» деп Балдайдың үйінің тұсына жетіп барады. Балдай да «үйге түсіңіз» деп қарсы алады. Абыл ағытып қоя беріпті:
Ақ Балдай, отырмысың ісіңді істеп,
Кісіге «сөйлес» деген «үйге түс» деп.
Қолыңа қонған құсың құтты болсын,
Болыпты көзі тыртық түлкі тістеп.
Құсыңыз қыран ба екен, әлде жек пе?
Жарасар салсаң тоқым қара көкке. Құсыңның оң көзінің жиегі жоқ, Алмасаң жиектетіп Сегізекке.
Сегізек сол маңдағы атақты зергер екен. Балдай күйеуінің мінінен қорынып, Абылға ештеңе дей алмапты.