26.07.2022
  171


Автор: Сержан Шакрат

ҚҰДАЙ

Ертеде адайдың қайсы бір жігіттерінен «Кімсің? Қай рудансың?» - деп сұраса, олар әзіл-тентектігі аралас былай деп жауап береді екен:
- Танысаң – адаймын, танымасаң – Құдаймын!
Тентектер тек адай емес, басқа елдерде де бар ғой, солардың бірі:
- Өй, атаңа нәлет, әкемді алған Құдай сен екенсің ғой, көрсетейін мен саған! – деп көтеріле беріпті. Сонда адай жігіт:
- Ойпыр-ай, ажалы жетіп өлген әкесі үшін Құдайды жазғыратын да ақымақ болады екен-ау! Аллаға қарсы ібіліс, шайтан болады деуші еді, сен сол екенсің ғой! Іздеп жүргенім сен едің, келе ғой! – деп жылан бауыр қамшысын суырып алғанда, әлгі даукес:
- Батыр-еке, сап,сап! Менікі әзіл ғой, - деп отыра кетіпті.
- Ә - ә, солай ма екен... Онда менікі де әзіл, - деп әупірім адай қарқ- қарқ күліпті.





Пікір жазу