25.07.2022
  223


Автор: Орақ Байғалиев

Астана

Замандарға алтын тоғысқан жезі...
Архив – ғасырлар соғыстан мезі,
Тілім де біреу, дінім де біреу
... ия, ... стандардың жоқстан кезі.
Биіктік пенен терендік тегі,
Сақтады халық-ер елдік нені,
Айқара ашылған – айқұшақтасқан
Бойлықтар менен жер ендіктері.
Мәңгілік сөнбей лаулар күн ойы,
Таусылмас бақтар – баулардың тойы,
Бұтағын созып бұлқынса бұлтқа
Аспаннан асқан таулардың бойы.
Қаз тұрған кеше бала маң дала,
Басында бөркі қаладан қама,
Баса алмас топан мұң-мұхит қаптап,
Ала алмас қайғы – аламан нала.
Ғұлама атам – ұлан өте алып,
Қыран – рухым құлама талып,
Таңырқап қарап тәнті болады
Туысы бөтен планеталық.
Есен-саусың ба – сәлемнің сөзі,
Пәлен миллион пәлен мың – өзі...
Сарыарқамдағы қалада асқақ –
Астанамда күллі әлемнің көзі.
Халқым бар ұлы – осы – күн елім,
Жер шарымда жоқ – бесігімде мін,
Астанам менің жасайды мәңгі –
Жасайды мәңгі есімің сенің.





Пікір жазу