25.07.2022
102
Наурыз айын
Наурыз айын
Жыл басы деп қабылдап,
Мерекелер қалаларда, ауылда.
Дастарқанда жеміс-жидек, бауырсақ,
Наурыз көже таралуда қауымға.
Аманшылық алысуда көпшілік,
Бал бұл жанып алабұртқан кескіні.
Әнші, күйші көрсетуде өнерін,
Алмастырып жаңалықпен ескіні.
Бар адамның тоғысқандай ниеті,
Сахынада жаңа жылдың киесі.
Алдаркөсе, Қожанасыр, Қарашаш
Жетегінде бота тайлақ түйесі.
Қазанында қазы-қарта қайнауда.
Бала-шаға есі кетіп ойнауда,
Бозбалалар қызып алып қымызға
Бірін-бірі тартқылауда қойнауға.
Көпшіліктің көтерілсе еңсесі,
Мемлекеттен табылғаны жөн шешім.
Жасыл жайлау жан рахат табардай
Ауна-қуна төріме шық кең көсіл.
Көңіл көктем.
Егін сепсем шаруа.
Ата-баба қолдаушымыз аруақ,
Қолыңды жай елдің жердің киесі!