25.07.2022
  113


Автор: Серікбай Бердияров

Көктемде сырт киімді сыпырып...

Көктемде сырт киімді сыпырып,
Жеңілденіп шыққаныңда мықының,
Бұрынғыдан көрнектілеу көрінді,
Құлаққа ұрды бөкселіктің тықылы.
Жүзіңізден әдемілік сезгенде,
Бағымызбен тайталаспай кез-келген.
Қолдағыдан айырылып қалғанға,
Кінәлідей сезініппіз өзге елге.
Нұрлы дүние қозындырса қаныңды,
Таңға ұрады екенсіңіз таңыңды.
Бүгін мына қара торы көршіге,
Неге осынша әңгімеміз таңылды.
Көңіліне алтын-күміс жалатып,
Жүректерді қызыл итке талатып,
Қас кірпігін қайта-қайта қаққанға,
Аймақта бір жер қалмады шолатын.
Көктем, көктем елжіретіп жүректі,
Сандарымнан жаңылдырдың ретті.
Көрші қызым жаныма кеп қалғанда,
Көгершіндер тобырымен дүр етті.
Жан дүние алақұйын бұзылды,
Орандырып түсіменен қызылдың,
Қарылардай ынтызарлық шоғына,
Неге сонша қызды көріп сызылдым?!





Пікір жазу