25.07.2022
  99


Автор: Серікбай Бердияров

Қыз-бозбала заманадан ықылым...

Қыз-бозбала заманадан ықылым,
Көктем келсе аулаларды сыпырып.
Үйдің ішін жуып, шайып алады,
Қалдырмайды түйіріңнің тұқылын.
Көктеменің жылылығы кезгенде,
Түк қалмайды айналада өзгермей.
Әттеген-ай несін оның айтасын,
Әдемі боп кете барад кез-келген.
Нұрлы дүние қызынғанда шуаққа,
Бір қарбалас басталады суатта,
Бір қарбалас қыр басында болады.
Жағымдысын жинақтайсын құлаққа.
Көңіліңе әр нәрсені салатын,
Осы кезең мазаңызды алады,
Қасы көзі керілетін кірпияз,
Діттегеннен ауық-ауық қалады.
Басты байлам елжіретіп жүректі,
Жерлері мен жүргізгенде ретті.
Сезімімнің оянғанын білгендей,
Ауладағы Көгершіндер дүр етті.
Жан дүние ала құйын бұзылды,
Қыздырынды тыныш жатқан қызылқұм.
Қозы-лақты атам айдап барады,
Қыз-келіншек көзін сүзді сызылды.





Пікір жазу