25.07.2022
126
Келесін, кетесін тым жақсы...
Келесін, кетесін тым жақсы,
Көретін адамдай шын жақсы.
Таразы басына түскенде,
Жағдайды етесін күн қақты.
Ысырып жіберіп менікін,
Жайымен тересін жемісін,
Соңына білмеген боласын,
Осында келіспес кемісің.
Қатынас қарымы қапысыз,
Кететін түрің жоқ шатысып,
Пайдасыз тірлікке келгенде
Өлуге дайынсын сатысып.
Әңгімең шығады әрқалай,
Қайбірде қаласын шалқалай,
Содан ба өзіңнен қорқамын
Сенімді нәмәрттық балталау.
Ұстанған бағытың екі жақ,
Жаманның келмесін беті тап.
Егерде қажеті боп жатса,
Жер астын тінтиді жеті қат.
Ерте-кеш көрініс табасың,
Танымай кеткендер ағасын.
Ретін құдірет келтіріп,
Аузына алдырған тобасын.
Өмірде осындай заңдылық,
Көз ұшы атылар жамбыны.
Мың адам атқанмен біреуі
Тигізіп жатады таң қылып.