25.07.2022
  185


Автор: Серікбай Бердияров

Енбегіңді күнделікті шыңдасаң...

Енбегіңді күнделікті шыңдасаң,
Үзілердей үмітіңе үн қосам.
Зейнеткерден не күтесің демегін,
Табылады зейін қойып тыңдасаң.
Жүргеніңде түгелінен жан салып,
Сұранысы қап қалады қаншаның.
Қай жерлерде уақыттың құлысың
Ол араға соқыр тиын мансабың.
Айтылымда көрінгенмен жай қалжың.
Әрбір сөздің салмағында байламы.
Ауызыңа ірікпесең келгенді,
Басқа жақтан тіктіреді шайлаңды.
Адамдардың жеңіліс деп,жеңіс деп.
Жүргендерін күтіп алғын кеңісте.
Осал емес екеніңді көрсеткін,
Теке тірес болғаныңда сен істе.
Көп адамдар бір-біріне кіріптар,
Тіпті Әкімнің арасында шірік бар.
Көздің құрты дүниеге келгенде,
Жасатуы әбден мүмкін бір ықпал.
Болғандығын пайдаланып сабырың,
Болашаққа қарағышта тағы бір.
Тірі жүрген мақұлықтар жетеді,
Сау адамның дайындатып қабірін.





Пікір жазу