25.07.2022
110
Ұмыттырып өтті, кетті қайғыны...
Ұмыттырып өтті, кетті қайғыны,
Қуанышпен, қауыштырды ай күнім.
Хал-ахуал, әп-сәтіне ауысып,
Жеткеніне таңырқа ма айлығым.
Дегеніңнің аты өшсін жетпестік,
Қасарысқан пәлеңізбен беттестім.
Көзапара табанына таптайды,
Адамдарды әжептеуір епті есті.
Ертеректе тұрғандарға ыздиып,
Адам шығар, деп қарадық қыз қылық.
Түлкі бұлаң, талай жерде шаршатты
Не қылайын көңілімді бұздырып.
Жіп суырып, жіп өткіздік тебенге,
Сілекейді шұбырттырдық жегенге.
Уақыт өте түсінесің барлығын,
Сыйпалақтап кір іздеме төменнен.
Арғымақты әбзелдетіп мініңдер,
Тұрғаныңа тілектеспін тігіңнен
Ақыл-есі дұрыс адам біледі,
Ертеңіңнің артықтығын бүгіннен.
Алға шығып кеткен болсам емініп,
Орныққаны деп ойлаңдар көңілі.
Өтінішпен тоқтаңқырап айтарым,
Көрмегеннен зат сұрама жеңіліп.