25.07.2022
120
Сырттағыға қаратпайтын батыл боп...
Сырттағыға қаратпайтын батыл боп,
Көрінуге дайын тұрған жақын көп.
Қажет кезде орынынан таппайсың,
Жақындасаң жарытпайды татым боп.
.Күнді күнге, таңды таңға асырдым,
Көрген білген болмағанмен ақырғы.
Жеткенімді жетістік деп түсініп,
Қай жерлерде кемісімді жасырдым
Өзгергенмен алдыңызда замана.
Қарамасаң тиянақтап шамаға,
Тіл салақтап алақанды ысқылап,
Күш түсіріп аласыңыз санаға.
Берекесіз көсегеңіз көгермес,
Жинақтаған абыройды төгерде.
«Шығасыға басшы»- деген егесі,
Естігенім дұрыс болса егерде.
Ақылдылар шың көтеріп естінің
Салғызуда сан бояумен кескінін,
Ақылсыздар ақша шашып жүргеннің,
Армандайды өтілетін бес күнін.
Шығып, шықпай базбіреудің ойынан.
Көз тігілді қаншалардың бойына,
Сынағымнан өтпегені жетеді,
Барғанымды есептеме тойына.