25.07.2022
  93


Автор: Серікбай Бердияров

Жөн білетін қазақтың баласына...

Жөн білетін қазақтың баласына,
Құдаларға ең алғаш жол ашуда
Үсті-үстіне қызмет жарасады,
Көтерілсе биіңмен дала шаңы.
Жаңа құда айтқаны жасалады,
Әңгімесін кезексіз қоса алады.
Түсінісіп кеткенше түгел дұрыс,
Болмау керек көңілдің бос алаңы.
Қызды, ұлдан бөлмеңдер ажыратып,
Құда деген бір ұғым жаны жатық.
Білмейтұғын адам жоқ деп білемін,
Тек силастық тұрсаң да арып, ашып.
Ой түйіні тек қана осы арада,
Аттап кірген құданы босағаға.
Ибалықпен қабылдап жіберсеңіз,
Онан асар бақыт жоқ ата-анаға.
Сый,сияпат көрігі келін бала,
Қабылдасын десеңдер елін жаңа.
Құдалықтың шоқтығын көрсетейік,
Бұзатынын ұғынсын өлім ғана,
Құрметіңнің сімірсін сөлін қана.





Пікір жазу