25.07.2022
  85


Автор: Серікбай Бердияров

Үйіңізге кірген бойда қол шайып...

Үйіңізге кірген бойда қол шайып,
Тікесінен төрге озатын шалқайып.
Ретінде жастығыңды шынтаққа ап,
Шай ішетін қазақ бізбіз арқайын.
Үйде,түзде кезіккенмен танысып,
Алғаннан соң тереңірек қанысып.
Бірін-бірі алма кезек шақырып,
Жүретін ел құшақтасып жан ұшып.
Алдарына қалқан еткен ұятын,
Даласына сан мемлекет сиятын.
Қиналғанда пана болған ұлысқа.
Қазақ елі силастықтың ұясы.
Түн жарымы,
Таң алдында ет жейтін.
Үлкенінің алдын кесіп өтпейтін,
Кішісінен аямайтын ақылын,
Үрдісіне қалай ғана тек дейсің.
Кезең емес жөн-жосықты талдайтын,
Ата-бабам зерттесіріп шалғайды,
От басында отырып ақ аңғарған,
Ішкі-сыртқы алып қашпа жағдайды.





Пікір жазу