25.07.2022
  155


Автор: Серікбай Бердияров

Бұрынғыдан өзгешесін сен тіптен...

Бұрынғыдан өзгешесін сен тіптен,
Ұсқынымды көріп тұрсын ентіккен.
Сұрамайсын неге олай қал жайды,
Дүниеде қиын екен ем күткен.
Бөтекеде толы дейді қоқыс-құм,
Әз басыма ұнамай тұр осы ұсқын.
Сен туыс деп күтіп едім жылы сөз,
Байқауымша көз қарасың оқыс тым.
Жауар бұлттай қарауытып қабағың,
Мені көрсең боп қаласын бағалы.
Ескертпесем ұят болар бір затты,
Ешқашанда бәйге алмаған жабағы.
Сенде мінез ауа-райы секілді,
Жас баладай қаққылайсын төсіңді.
Талай рет бұрыстығын ескерттім,
Амалым жоқ кіргізердей есіңді.
Өзіңдікін дұрыстайсын не етейін,
Тайсақтамай төтесінен төпейін.
Шынын айтшы өсу барда,өшу бар
Нені мегзеп бүлкүлдейді көкейің.
Былайынша болғаннан соң туыстық,
Өткеніңді еске алдым тым ыстық.
Құдай ақы саған ісім түспесін,
Тындыруда бала-шаға жұмысты,
Қандай рахат елде жұртта тыныштық.





Пікір жазу