Үлкен бір дөйдің жамамақ болған жыртығын.
Үлкен бір дөйдің жамамақ болған жыртығын.
Қайран қазақтың тағы да көрдім бір түрін;
Өзеурей сөйлеп,өзгенің шығып алдына,
Өзегін жұлып бергелі тұр-ау шіркінің!
Бастығын мақтап,
Жастығын тастап,жамбасқа,
Сөйлеп тұр әлі,сөйлеп тұр әлі”марқасқа”.
Байыппен тыңдап,басқалар үнсіз отырса,
Балпылдай сөйлеп,”бас жаққа неге бармасқа”?!
Басқалар үнсіз бас изеп қойып мақтауға,
Қайсыбіреулер әліптің артын сақтауда!
Игеріп алған,
Үйреніп алған жұртпыз ғой,
“Көсемнің” алдын,
“Шешеннің”алдын қақпауға.
Суға да сұғып,
Балға да тығып тұмсығын,
Ызыңдап жатыр,ызыңдап жатыр бір шыбын.
Бастықтың өзін балқытып алып баратқан,
“Шешеннің” сөзі шырын да шербет,тым шырын..
Тыртығын түзеп,
Жамаумен әуре жыртығын.
Қазақтың көрдім тағы да бүгін бір түрін.
Қасқырдың қан-қан ауызын жалап отырған,
Мына немеңіз өзі емес пе түлкінің?