25.07.2022
  106


Автор: Серікбай Бердияров

Кісілік пен кішілікті сабақтап...

Кісілік пен кішілікті сабақтап,
Ұғынғанша қарайлайтын қабаққа
Ағаларым сіздер екен аспан,көк
Бос қалыппыз ақы пұлсыз сабақтан
Бүгіндері кеңес берер адам жоқ,
Құдіретті сіздер екен баға жоқ.
Атүстілеу тыңдаған жер бүгінде,
Тұралатып мазаны алды жаман боп.
Сағат кәзір шыр көбелек айналды,
Сенің үшін біреу айтып байламды.
Сенің үшін шығарғанда үкімін,
Сізді еске ап ағаларым ойландым.
Уағызымыз асасын да жасасын,
Ағаларым қандай ақыл қосасын.
Балдарыңда үміт көп те, жұмыс жоқ.
Болып кеттік барлық затты шашатын
Кімге көмек еткеніңді білмейсің,
Білмегесін ақтарылып күлмейсің.
Киікқұлақ алған барды қаумалап,
Айтқаныңды құлағына ілмейтін.
Сана сарқып көздің жасын ағыздым,
Іздегенім жол сілтейтін тамызғы.
Ағаларым бұған қандай амал бар,
Шайнағандай қал ахуалсағызды.





Пікір жазу