Саған не дейін ажырамайтын ағайын...
Саған не дейін ажырамайтын ағайын,
Теке тіресте жеке қалдырған Абайын.
Оңып тұрғанды,бүгінде көре алмадым,
Шатылып жатыр,сатылып жатыр маңайым
Саған не дейін ажырамайтын ағайын,
Кештеу таныған Мұстафа ұлы Шоқайын
Билік барында халықтың жайын ұмытып,
Еске аласын өзің қалғанда сопайып.
Саған не дейін ажырамайтын ағайын.
Көңіл күйіңе жөнімен қалай жағайын.
Басыңды жарып аяқ қолыңды сындырып,
Топайдың құнын сұрастырасың қоқайып.
Саған не дейін ажырамайтын ағайын;
Үндемегеннің ағартасыңыз самайын,
Арамзалардың ауыс-түйісін жасырып,
Тамақ табудың іздестіресіз оңайын.
Саған не дейін ажырамайтын ағайын;
Әуессің тіптен көріністерге жабайы,
Ақылдыларың саусақ санына таңылды,
Ымнан түсінер азаматтарың азайып.
Ашынғанымда бірегей ұлың жоқ демен.
Жүргеніңізге қарсы емеспін топпенен.
Істі мылжалап, сөзді қылжалақ рәсуа,
Еткеніңізге күйінгендік пе от денем.