25.07.2022
116
Ойламай, орынсыз қыдырып...
Ойламай, орынсыз қыдырып,
Шығардың айнала ығырын.
Дайынсыз сөзіңе тойындым,
Ұнамсыз әйтседе бұл қырың.
Шаршадым десемде болады,
Қинайды замана талабы.
Титімдей жіберген олқылық,
Жасайды өзінің қалауын,
Көз шықты, көгерді, қол сынды,
Жазғырдым келесі толқынды,
Қайбана тірлікті көргенде
Түсіндім жіберген олқымды.
Баяғы мінезім тіптен жоқ,
Арыла алмадым бүкпемнен.
Ортада шыңғырып отырсын,
Не пайда жүндейін түткенде.
Әлде де көресі көресін,
Сен едің жігіттің төресі.
Ертеңнен үмітім зор еді,
Түгіңде қалмапты беретін.
Үлкендік тілегім аман бол,
Қоғамға қажеті маман ғой,
Сол ара кәйтесін орның ед.
Таңдапсын қарағым жаман жол,
Келіссіз болып тұр маған сол.