25.07.2022
  156


Автор: Серікбай Бердияров

Ыққан қарға қарайласам жықпадан...

Ыққан қарға қарайласам жықпадан,
Түйсігімде зат көп екен ұқпаған.
Қыс мезгілі қаһарына мінгенде,
Дірдектедім, дірілдедім шықпа жан.
Өктемдігін ойламаппын көктемнің,
Алдымызда қос шананы жеккен күн.
Мәңгілікке тұратұғын сияқты ед,
Болып қалды бүгін оным өткен күн.
Бұл не қылған тәуелділік мезгілге,
Бұл не қылған әуейілік көз күлген,
Адам сөзін аударса айып тағамыз
О, несі деп жасағаны сездірмей.
Бет пердесін ауыстырып он екі ай,
Қайдағыны ескертеді о, несі-ай,
Қалай-қалай өмір өтіп барады,
Не болар деп күтінеміз келесі ай.
Есендікпен қыстан аман шыққасын,
Наурызыма жетіскесін нық басып,
Құбылысты еске салып отырмыз,
Жаңа жылым болсын көпке құт басы.





Пікір жазу