25.07.2022
  110


Автор: Серікбай Бердияров

Қазақтарда толастамас шақырыс...

Қазақтарда толастамас шақырыс,
Келім -кетім тізбегінің аты ірі.
Ертеңгісін ойлануға құлық жоқ,
Қозғалудан кенде емес тақырып.
Күтетіні кемпір кешек, жаман шал,
Оратылған бала-шаға табанда.
Жоралғыда жолы дейді жоғары,
Күллі зиян жұмыстағы адамға.
Бұл тұрғыда шешен біткен есілді,
Басқаша да іс жасалды кесімді.
Бірақ одан азайған жоқ шақырыс,
Қайта одан бетерленіп көсілді.
Бірге қызық қызықсыздау әдебі,
Бірге былжыр, бірге әсем әдемі.
Сол жүргенде қарамайды жағдайға
Кіріс-шығыс түгелімен кәделі.
Құда-жекжат, тума-туыс, дос-тамыр
Сыйласқанда планетадан басқа бір,
Келгендейін алма кезек күтеді,
Қастарында санаулы адам босқа жүр.
Алдарын да қазы-қарта, жал-жая,
Астарын да мерседес, джип, желмая
Арасында мың-мың теңге сияпат,
Отырады қос көрпеде шолжая.
Қысқа ғұмыр қамшы сапты қашаған,
Қазақтарға болса болды бас аман.
Шөлмек санын кәтеріңе салмайын,
Қашан қанша арақ түрін босаған.
Қазақтар-ай шығынына шырмалған.
Есіл еңбек дейін десең тырбанған.
Басқа елден төмен емес хал жайы,
Шыныменен жаралғандай нұрдан жан.
Қазақтарда бір-бірімен шақырыс,
Таусылмастай ешқашанда ақыры.
Тіпті бар ғой соған иіп тұрады,
Ғасырлармен келе жатқан нақылы.
Қонақ келмей үйіңе
Келе алмайсын күйіңе!-
-ДегендейКеменгер,
Қазақтар-ай!





Пікір жазу