25.07.2022
100
Адамның барлығы бақилық...
Адамның барлығы бақилық,
Қаншама мен деген ақылды.
Билік пен мансаптың иесі,
Ол жерде есептен шатылды.
Өмірдің осылай төлемі,
Шығуы әнтектеу бөлек үн.
Кәйтсең де ажалың жеткенде,
Айдан ақ белгілі өлерің.
Тұлпарды бабымен ерлеген,
Арманы биікте өрлеген.
Біртуар азамат деседе,
Жексен боп бірікті жерменен.
Бәлден бе таянып бүйірді,
Мал-жаның болсада үйірлі.
Бұйырмыс алдына келгенде,
Ап кете алмайсын түйірді.
Тірлігің талапай,қан алшы.
Тірліктен қаласың алаңсыз.
Жеңісің,жемісің,кеңісің.
Көк тиын дарының,талантың.
Құсбегі құйылтса қыранын,
Атбегі баптаса пырағын.
Өлмейді ау осылар демегін,
Бәрі де өткінші шырағым.