25.07.2022
  76


Автор: Серікбай Бердияров

Жазды мезгіл тұрғысынан қалаған

Жазды мезгіл тұрғысынан қалаған
Мінезіме таңданбаңдар балажан.
Көңілдермен сабақтасып жатамын,
Көкірегім сыртқа теуіп даладай.
Күздің күні жинақтайтын еккенін,
Көктемеде тастамайтын кетпенін,
Қыстың күні әзірлейтін жылы жай,
Міндеттелген тірлігіме меккенмін.
Неңізгеде тұрғандаймын сұранып,
Түніменен жағып қоям шыраны,
Ой сананы тұғырында тербетіп,
Тұжырымның тазалаймын құрамын.
Алдымдағы шар тәрізді айналым,
Бірде таза, бірде жатат лайланып.
Есіл уақыт ізденумен өтеді,
Сол болғасын не етесін байламың.
Көктемеде жыпырлаған бүртіктер,
Күн өткенде аршылады бүршіктен.
Гүл ашарда сол арадан табасын,
Қаратуың мені қиын түртіп сен.
Дегенімен құрдастарым жаны жаз,
Емшілерім дейді маған қаның аз.
Сәл затыңның кіріп шығам ішіне,
Болмай отыр әйтседағы соңы мәз.





Пікір жазу