25.07.2022
  108


Автор: Серікбай Бердияров

Іске асырып ата-баба нақылын...

Іске асырып ата-баба нақылын,
Өтпеліден қалыспадық қапылып.
Тығырыққа тірелгенді айтпайын,
Санамалап жүргенімде сатыны.
Адамдарға қас-қағым сәт бағалы,
Ақыл емес киіміңіз жағалы.
Кемедегі күндер жақсы өткенмен.
Аңсамайтын жан болмайды жағаны.
Еске түсір бүршіктенген көктемді,
Еске түсір көтерілген өкшеңді.
Орынымен қозғалмаған затыңның,
Құдіреті қоқыстағы шөп-шөңгі.
Өмір өмір қылығымен қызықты,
Тезге салу оңай емес бұзықты.
Содан болар талапайлы тағдырдан,
Оңдасын деп сұрайтыны сызықты.
Беркітілсін десең қарым-қатынас,
Адамдарды ығыр етпе жатып ап.
Бітер істі ақылға сап қарастыр,
Сонда саған тақ тұрады атырап.





Пікір жазу