25.07.2022
  117


Автор: Серікбай Бердияров

Өліксе өсек...

Өліксе өсек,
Ескерілмеуден жандайшап,
Соққы тигенде,
Әбігерленеміз маңдайға,
Үстірт қараудың осыншалықты зардабы
Таңдайда.
Сені ме, сені,
Аңғарылмаған аңсыздық.
Қолына әкеп
Жансауғалаттың жансыздың.
Қойғанымменен өмір дегенін жасауда
Сан сүзгі.
Базарым, барым,
Арқа сүйейтін сенімім,
Ала алмау да
Кезекпен бөлген телімін,
Содан да болар шарасыздықтың алдында
Тірі өлімін.
Есең кеткенде,
Шырқырап жаның жанады.
Мезгіл өткесін
Есті жиып-ап шамалы.
Жан жақтан адам іздейсін
Саналы





Пікір жазу