25.07.2022
  94


Автор: Серікбай Бердияров

Ата-анамыз...

Ата-анамыз,
Ойнамаңыздар лас жерде.
Нанның қиқымы,
Түсіп қалмасын қастерле.
Төріңе шыққан үйіңнің ішін барлайды.
Таза табақтан,
Қандай рахат ас берген.
Үлкен кісінің,
Алдынан шығып амандас.
Кішіпейілділіктен
Кішіреймейді адамдар.
Әрбір затыңыз орыныменен қойылса,
Сызат түсірмейді
Дейтін пейілсіз надандар.
Болуы керек
Келсабы мықты келінің.
Түйгіленуден
Ажыратылады телімі.
Азығы жолда ауызы қанда бөрінің.
Өлерін білседе
Бәсеңдетпейді желуін.
Қасақаналық
Қалмайды екен ағымнан.
Басыңа түссе,
Бас айналады шағымнан.
Сыйластығыңды қорықтыға да балайды.
Өтірігім жоқ
Шығарған емен жадымнан.
Жаңылысудың
Үлкен, кішісі болмайды.
Біреулер үшін,
Болып келеді жан қайғы.
Біреулер үшін,
Күнделік жейтін нан қайғы.
Біреулер үшін
Өміріндегі соңғы айлық.
Біреуге айтсаң осы жайында, нанбайды.





Пікір жазу