25.07.2022
  72


Автор: Серікбай Бердияров

Өзі ашып,өзі жауып есікті.

Өзі ашып,өзі жауып есікті.
Қиындықты жеңіп бала өсіпті.
Үйренгені,жасайтыны көп екен.
Дегеніңді жігіт болсаң есіттір
Шаңырақтың десін досың басшысы,
Елдің өзі іріктейді жақсысын.
Қарлығашта іргеге ұя салады.
Ниет дұрыс болу қажет бастысы.
Биік қойып өзгелерден өзіңді,
Өткізем деп әлектенсең бөзіңді.
Табылады пәпігіңді басатын.
Оюдан да тайынбайды көзіңді.
Неге мұнша қылықтар бар құрыған.
Адамдықтың алшақ жатқан сырынан.
Ой санамыз кетпеді ме ауытқып,
Өтуге де болады ғой ұрынбай.
Керегіңде салып білу мұрындық.
Көрегендік іс па дедім бұрынғы
Қайбіреулер су кеткенше мақтайды,
Басын алып жүре алмайтын мырыңды.
Адалдығым жаман жерді баспаған.
Ақыл,ойым әлі күнге жас бала.
Өкпелесем теріс қарап жатамын,
Не болды деп қалмаңыздар қасқаға.





Пікір жазу