25.07.2022
  79


Автор: Серікбай Бердияров

Тас түсседе төбеден...

Тас түсседе төбеден,
Айнымас достар шегедей.
Ибалық иман жүзімен
Жасады маған бөлек ем,
Алғысым теңіз телегей
Жүгенсіз жүріс тұрыстар,
Достастықты құрыштай
Мұқатамын дегенмен,
Құшағымызды жазбастан
Қарсыладық дұрыстан.
Иеленіп барды алғандай,
Жалпақтан басқан жалғанды
Сенгені күшті қиысқа,
Қарсыласқанда алданбай.
Қуаныштымыз қалғанға.
Тәңірге тәубе жебеген,
Достастығымыз егемен.
Жүрек қалауы болғасын,
Арамза оғы өтпестен
Сырт айналды көбеден.
Қиыстықтар қазынған
Аса алмады жазымнан
Тамыр-таныс,достастар
Біледі екен о баста
Қас қағымды азымнан
Әжетке жарар ісім деп,
Айтсам барды пішімдеп,
Көпке қарсы тұрмайсын.
Жүрген біреу болмасаң,
Өмірің жайлы түсінбей.





Пікір жазу