25.07.2022
  107


Автор: Серікбай Бердияров

Елдің жердің басыбайлы иесі...

Елдің жердің басыбайлы иесі,
Қазақтардың кемімесін үлесі.
Келімсектер байығанға ұқсайды,
Сыртымыздан езу тартып күледі.
Түгелімен айтқан сөзім дәлелді.
Қорғаштаған ата жері пәлен мың,
Қазақтардың түбегейлі мекені.
Тарихыма көз жүгіртші сәл енді.
Өліп,өшіп өнгендіктен бүршіктен.
Лоққылардан қорықпаймын үркіткен
Арамдықтың жолы бола бермейді
Елім,жерім осы менің ту тіккен
Жамылғы боп түйесінің түбіті
Жедім нанын қара суға жібітіп
Дұрыс жауап осылай боп келеді
Осылайша сөз байлайды жігіті
Елін,жерін тапжылмастан қорғаған,
Кейбір қазақ күн көруде зорғадан.
Соған жаным қаралайын жанады,
Қашан түнек сейілер деп торлаған.
Заңды болар тынышына жүргізбеу,
Кезегінде күн көріспен кіргізген.
Қаншама ел,қаншама ұлт өкілі,
Күрпілдейді доңғалақтай үргізген
Жердің асты,үстіндегі байлығы,
Біржолата ұмыттырды қайғыны
Тойынғандар жағамызға жармасты,
Қайсыбірі тиіседі жай күні.
Жала жабар мен емеспін нақақтан,
Кеше ғана зар болғандар жатаққа.
Елдің жердің басыбайлы иесін
Шақырып жүр үйірсектеп шатаққа.





Пікір жазу