Тағдырыңа түңіліп қарағасын...
Тағдырыңа түңіліп қарағасын,
Орналастыр аулаңа дар ағашын.
Өлгің келсе барасын ілінесің,
Әлдекіммен жатпайсын жағаласып.
Өмір заңы түр-түрлі есептелген,
Жеген ауыз өтеді жесек деумен.
Қанағатты біржола ұмытқандар,
Алғанымен толады көсеп елден.
Көндірген мен сүйрейсін ыңғайыңа
Саналының қайраты шыңдауында.
Жолы таза болғасын бас имейді,
Төтеп бере береді мың дауыңа.
Сезінбейді демегін үндеместі,
Мағыналы олармен кім кеңесті.
Ұғындырып негізін білмегендер,
Шығуына мұрындық мың егестің.
Табиғасы тағдырдың алмастырған,
Әңгімемен алдама жалғастырған,
Жоқ пен барды біледі түсінеді
Боз бала да сақалын алғаш қырған.
Ысқылайсын ысқыра құр алақан,
Теледидар тетігін бұрамасаң.
Өз өзінен бейнесін көрсетпейді.
Өлдің Мамай, құрыдың тұраласаң.
Елмен бірге жүрмесең араласып,
Қалтарыста қаласын қарабасып
Айтқандарым дегенде өз пікірім
Әжетіңе жарасын,жарамасын.