25.07.2022
  97


Автор: Серікбай Бердияров

Өріс бермей өрелі талабына...

Өріс бермей өрелі талабына,
Өрекпілеп жабыс па балағына.
Өз ісінің иесі болмағанды,
Өмір өзі былғайды шалабына.
Жоспар-жоба тұрса да жасалынып,
Зерттестір нақтының баса құнын
Мың қайтара қайыра қарамасаң,
Ілікшілер кеудеңнен басады жын.
Әдейілеп пенденің күрсінісін,
Жасатамыз бүйірден түрту үшін
Қылығыңа қарсылық жасай қалса
Пәлекетті жабамыз ірку үшін.
Ойламасаң болмысты басу жайлы,
Ойлануың әнтектеу асу жайлы.
Парықсыздың шырмалсаң шылауына,
Торықпаста торлайды ашу-қайғы.
Ісіңізден кетседе бей-берекет,
Серілерше сенімді көкке тіре.
Қарлы боран төбеңнен төпелесе
Көптен жырақ қалмайсын шеткеріде.
Саусақ түсіп домбыра сағасына,
Діріл қағып қадалды ағашына.
Қыран қимыл сан рет аңтарылды,
Қалмайын деп өзгенің табасына.





Пікір жазу