25.07.2022
96
Маған емес...
Маған емес,
Құсқа берген қанатпен,
Өткендейін көктем, жазым, қап, әттең,,,
Түк бітірмей отырғанға ұқсаймын,
Сан соқтырған сәттерімді санап мен.
Қайың да жоқ,
Қалқа да жоқ ырғалған,,,
Қас пен көздің арасы екен бұл жалған.
Көз алдымда-шетсіз,шексіз көкжиек,
Түсінбеймін кейіс кейіп бұлданған?..
Ал болмаса кешегі өткен күн кәні?
Жазиралы көңілімнің гүл бағы?..
Ұзатылған мұңлық қыздың үніндай,
Талып жеткен тырналардың мұңлы әні.
Салдан бетер сайран салдық сандалдық,,,
Басымдағы әлі басым аңғалдық.
Батар күнді көкжиекке ұзатып,
Атар таңның қауметіне таңдандым.
Көңіл шіркін жауған қардай алағат,
Көрген қызық,шалқыған шақ шамалы-ақ,
Басқа қандай!..
Амал айла табасыз,
Демегенде шүкір,тәубе,қанағат…