25.07.2022
  86


Автор: Серікбай Бердияров

ӨМІР

Елдің жайын толықтай түсінетін,
Көш басына көреген кісі келсін.
Барға жоққа толықтай мән бергесін,
Қолға алған соқпайды ісі кемшін.
Масатыдай құлпырған өңірің гүл.
Ұғынғанға болу шарт өмір үлгі.
Көргенді де жетеді қырағылық,
Жарқ еткізер жасындай көңіліңді.
Тауда, таста күтіммен мүсінделген,
Адамымен деп кеткен түсім жерде.
Қыран қимыл болмайды нәтижесіз
Көргендінің қаратсаң ішін бермен
Тұяқ тұрмақ мұздақта тағада нық,
Заманамен келеміз сабақ алып.
Көрегеннің зер салып жібергені,
Шекараға қойғандай қада қағып.
Келеңсіздік,кемшілік жойылғанда,
Шыққысы кеп тұрады бойың алға.
Болашақты көбірек ойланған жөн,
Салмақтайтын санада ойың барда.





Пікір жазу