25.07.2022
  103


Автор: Серікбай Бердияров

Араңа әзәзіл енбесін!

Араңа әзәзіл енбесін!
Араға әзәзіл енгесін,
Жөніне келтірем дегенше,
Жабыса береді өңгесі.
Алдын ал лаждап неніңде,
Қара бұлт торласа көгіңде,
Сейілту қиындау болады,
Әңгіме айтпаймын тегіннен.
О,баста құрылым ақ-қара,
Өзіңді алмасаң басқара.
Өзгеге қызмет етесін
Ар жағы онанда масқара.
Қарағын неге ел жұмыссыз,
Мұртынан күледі жымысқы,
Жалқаубай барынан айрылған,
Деп жүріп күн суық, күн ыссы.
Бастағы кеміске мән бермей,
Сөйлейді жігіттер әл бермей,
Ананың анасы, мынасы,
Дегенін тұрамын дәл көрмей.
Сұрасаң осындай жауабым,
Түсінген адамға дауамын,
Аналап, мыналап жүргенде,
Ластап алмайық ауаны.





Пікір жазу