Әдептен озып,тастамайтұғын әсте зіл...
Әдептен озып,тастамайтұғын әсте зіл,
Үлкендеріміздің бажайлап өстік бас-көзін
Есімде менің,,,
Жадымнан шықпай әр сөзі,
Жақсылар жағын жағалап өскен жас кезім.
Ортаға тастап,түйінді сөздің көкпарын,
Адамның мінеп,
Заманның сынап жоқ,барын..,
Одағайланып отырушы еді-ау,сабаздар,
Найзағай сынды ойнатып көздің оттарын!
Әзіл мен оспақ,
Қағытпа қалжың қапталдап,
Қаға берісте қабақ пен қасты қатпарлап,
Бірінен-бірі қалмастан алға аттандап,
Біріне-бірі салатын салмақ батпандап!
Шешен де солар шендесін сөзбен шенеген,
Көсем де солар көнекөз әрі көреген!
Текті де солар артынан келсең тебеген,
Епті де солар бар менен жоқты елеген…
Шетінен жүйрік,
Шетінен атпал ақтабан,
Солар ғой бізді арқадан қағып,баптаған.
Болымды ұрпақ бола алсақ кәне мына біз
Ауылдың құнын,
Ананның сүтін ақтаған…