Өнердің отын үрлеген
Өнердің отын үрлеген
Өнерпазбенен түрлі өлең.
Жазылды да оқылды,
Заман-ай шіркін гүрлеген.
Әйтседе іште шала көп,
Шалалы жерде нала көп.
Қайда бармағын қайшылық,
Жетіспестікке шара жоқ.
Қайғысы қара бастырған,
Қамкөңілдерді қасқырлар.
Қайдан болсын тауып-ап,
Адымын қойған аштырмай.
Түйенің қомы жүктеліп,
Сенімі кеткен бүктеліп,
Шыға алмауда шырмалып,
Айналасынан нүктенің.
Қара базарда қаңғыған,
Кәсібі жатқан мандымай,
Қаншама жаны жайсаңдар,
Қорқаудың құлы аңдыған.
Елдің еңбегін екшемей,
Биік-аласа өкшелер,
Санаға салмақ салғанда
Қатарда қалдым текшедей.
Айтқаның рас, жерім көп
Сыртқары шықсаң керім көк
-деп мақтана беріп ем,
Ыржия қалды келімсек,
-Не дедің,- деді еріншек-
-Онанда,- деді- терің төк.
Ісмердің жолы ашылса,
Әңгіме айтпан қосымша.
Сенімге ерік беріпсіз,
Демеңіздер осынша.
Сұрасын ата саулығын,
Түзетсін келін жаулығын,
Инабаттылық арқылы
Жағдайын біледі аулының.
Арада болса қақтығыс,
Рақаттанады жат күліп.
Шайтани бұзық жерлерде,
Болмайды әсте жақсылық.
Көргенділердің есебін,
Қиын болсада шешесін.
Болғасын соңы жақсылық,
Өткеннің бәрі кешегі.
Әкенің айтар ақылы,
Зат емес кетер сатылып.
Болғанмен алғаш ащуы,
Соңын білесін татымын.
Аузыңнан шыққан сөзіңнен,
Зерделі түйір сезінген.
Сезімі жоқтар ағызар,
Қара қаныңды көзіңнен.