25.07.2022
  115


Автор: Серікбай Бердияров

Тағдырымның тартысында күйретіп...

Тағдырымның тартысында күйретіп,
Сырт тастаған бұйымымды сүйретіп.
Қайта жинап әуре сарсаң жатырмын,
Тауып таппай шаршатсада үйлесім.
Ойымменен жарды жарға соғамын,
Сабыр ашу болып алды одағым.
Талай рет икеміме келмей қап,
Парағыма қабағымды қададым.
Өзге ойын ашық айту қиындау,
Көкжиекке көтерілген құйындай.
Көңілімді әлем-жәлем етседе,
Салмақтауға тырысамын миымда.
Отырғасын қас шебердей тон пішіп,
Желінетін тамағыңнан соң пісіп.
Бітіргенің жарамаса әжетке,
Қалай ғана алға бассын оң ісің.
Қолыңызда барды ұстап тұрғанмен,
Таудың суын арығыңа бұрғанмен,
Құдіреттің көзі түзу болмаса,
Бекершілік бет бетіңе құрған ем.
Осылайша әр бергенше сөйлемге,
Жазу стол,
Жеке пәтер, бөлмемде,
Ой қылына оралып,
Неге білмен пейілдеймін өлгенге.





Пікір жазу