25.07.2022
115
Тағдырымның таланымен арбасып...
Тағдырымның таланымен арбасып,
Сүйреледім сүрілімнің арбасын.
Жол сапардың қиындығы басымда,
Ең қысқасы жасалынды барға сын.
Ештемеге түсінбесен үндеме,
Мініп түскен аңғарады мінбеге.
Ол арада ақыл айтып болмайды,
Толып жатыр кешегісін күндеген.
Кейбіреуге тіпті қызып ұрыстым,
Ол әрине тапқым келіп бұрысты,
Ескертуді есі барға айтпасаң.
Ессіздері маған жақты шырышты.
Бал шырынын жинақтаған арадай,
Апыр-топыр кезектегі тарамай,
Ілгеріге ұмтылғанды кәйтейін,
Өзім қалдым жарамастан шараға.
Болғаннан соң іздегенім бәтуа,
Әңгімеден аулақтамын аты жат.
Келгені жоқ жетістігім тосыннан,
Халық куә жүргеніме сатылап.