25.07.2022
  110


Автор: Серікбай Бердияров

Адам болғасын затыңда...

Адам болғасын затыңда,
Адами болмыс қақында,
Салиқалы ой қозғап
Келуің абзал ақылға.
Тапқан табысың жиғаның,
Кеңірдегіңнен құйғаның,
Адал болған жағдайда.
Мүдделі болмақ силанып.
Жөн жосығымен әр жүйе,
Болса қойса тәрбие,
Ұлы екен деп қалмаңдар,
Атқа отырғанды жәрбие.
Сарқырамадан су құлап,
Жол салады ұңғылап,
Инемен құдық қазғандай
Түсініскенге құнды зат.
Түрлі-түрлі тақырып,
Ел сыйласын батырын.
Бос жүргендер жетеді,
Босына таңды атырып.
Халықтың ойы кеніші,
Қазанның құлы шөміші.
Санатта жүрген адам көп
Күні-түні жеп ішіп.
Көңіл теңіз шалқыған,
Үкілі үміт малтыған ,
Осы жасымда көрмедім
Өле қалғанды талқыдан.





Пікір жазу