25.07.2022
100
Қызығып артқан бағыңа...
Қызығып артқан бағыңа,
Қызыл ит қосып шабыңа,
Жармасатын жайым жоқ
Қуат берсін ағыма.
Аңшыдай аңын бөктерген,
Тамсанбаймын жеп көрмей.
Көзіммен көрсем куәмін,
Жетеді сесім тек дерге.
Кезекті күтем баспалдақ,
Тайғанақтаса да бастан бақ.
Көр соқыр болғым келмейді,
Шыр бітсе кетер аспандап.
Жоқтықтан жаңа арылдым,
Алдына түсіп арымның.
Әзәзілге қосылсам,
Тірліктегі халім кім.?
Сендірер басқа не дейін,
Сырыма ішкі өгейің.
Жақындамай сырттан жүр
Өзің түсініп себебін.?!