25.07.2022
  104


Автор: Серікбай Бердияров

Барды, жоқты айталық...

Барды, жоқты айталық,
Боз жорға желді шайқалып.
Үстінде қалғып мүлгіген,
Түсірдім еске қалқаны.
Кетемін кейде шешенсіп,
Қонақтар көрпе төсенсін.
Ел қалайша болады
Шекарасыз кешенсіз.
Жерінде қажет ымыра,
Ұстама жеңді жымыра.
Бір күнде қалай қанбақсын
Шапағатыңның нұрына.
Бекер тұрсын жалақтап,
Қорадағы малақты ал.
Тазалық саулық кепілі,
Ол туралы толы ақпар.
Шиырлатып басыңды,
Елден ерек ашындым.
Ажыратып білген жөн,
Досың менен қасыңды.
Сан сырға толы өлеңім,
Көз жұмғанша желемін,
Айта алмаймын көлемін,
Азымды өзім еледім,
Ауқымы сонда өренің.





Пікір жазу