25.07.2022
  117


Автор: Серікбай Бердияров

Сәйгүлік тұяқ тарпыды...

Сәйгүлік тұяқ тарпыды,
Құдірет өлең арқылы.
Мүскініне сөз салдым,
Жан дүниеммен шарқ ұрып.
Қыран көздің ұшында,
Кедергі жоқ тұсында.
Мүмкін емес сыйғызып
Қалайлығын тұшымға.
Көкжал айбат шегеді,
Шымырлатып төбені.
Қорқынышым асқынған
Жүрісімді бөгеді.
Көктемменен көк шықты,
Төрт түлікке ет бітті.
Құрбан айтты көпшілік,
Тапжылмастан көп күтті.
Қалай салған осы адым,
Қыдырып кетті қосағым.
Өзім жалғыз бөлмемде,
Жасарымды жасадым.
Елде жұртта болсын зат,
Табылмаса сол қымбат.
Өз өзінен келмейді,
Жылағанмен солқылдап.





Пікір жазу