25.07.2022
166
Аппақ қардай адалдығым тұрғанда...
Аппақ қардай адалдығым тұрғанда,
Мені алға талпындырар бір заң бар.
Ел қатарлы өмір сүру арқылы,
Замананың ағымынан құр қалмау.
Болмашыға түгім қалмай бұрылып,
Қалсам қалай көресіңіз ұрынып.
Оған мысал керек болса жетеді,..
Толып жатыр сақалы өскен құрылыс.
Міндеті бар әр адамның әр түрлі
Орындалу барысында әрпіңді.
Тастап кетсең мағынасы өзгеріп,
Боп қалмай ма жарамайтын сарқынды.
Содан барды кететінім тергілеп,
Ауызына ие болмас кергіген,
Еңбегіне баға беру арқылы,
Азамат деп атап жүрмін ерді мен.
Бұл тақырып әбден өткен сынақтан,
Әлімсақтан келе жатыр құны аспан,
Қажетіңді кезіктіре қалғанда,
Су ішкендей боласыңыз бұлақтан.
Басқа менің межелеуім шамалы,
Өзгелердің бұзып жармай қамалын.
Өз тұрғымнан кеңістікке қарадым,
Кімге ұнайды, ұнамайды амалым.