25.07.2022
  112


Автор: Серікбай Бердияров

Есалаң әумесер емессін...

Есалаң әумесер емессін,
Айнала жан жақпен кеңескін.
Өзеуреп өңешті созғылап,
Қажеті қаншалық егестің.
Көзіңнің шарасы кеңейіп,
Барлығын қорқытам демегін.
Жүйкені тоздырып аласын,
Бойыңнан іздестір себебін.
Адамның сабыры сақтығы,
Саулығы қуаныш шаттығы.
Сөзіңе ісің сай болмаса,
Жауабың болмайды нақтылы.
Жауырын қақпақтай бақадур,
Алдында балапан атаның.
Саналы адамға көк тиін,
Берілген шенің мен атағың.
Диханшы қараса дәніне,
Алымшы қарайды дәміне,
Екеуі үйлесім тапқанда,
Келеді барлығы сәніне.
Қаншама сұғанақ көзқарас,
Қисынсыз түседі сөзге ара.
Біреуін қалпына келтірсең,
Біреуі бітіспес көз жара.
Тақырып жабылды,ашылды,
Сан рет жиналды,шашылды,
Айыңа қол созған көңілдер,
Өзінен зорына бас ұрды.





Пікір жазу