25.07.2022
100
Ауылдың қоразы шақырып..
Ауылдың қоразы шақырып,
Орнымнан қозғалдым ақырын.
Қарасам таң қылаң беріпті,
Дәл уақыт мегзейді батырың.
Мал жаны түнімен тыпыршып,
Ұйықтатпай жүректі ұшырды.
Деміме жұтынған шашалып,
Жамылғы көрпені ысырдым.
Өлеңді жөндейсін, теңдейсін,
Жазғанды мың рет өңдейсін.
Өшіріп бір жарын жыртасын,
Шірінді тұқымдай өнбейтін.
Құлашым беліңде қолпылдап,
Көңілім танытты солқылдақ.
Әмірің жүрекке жүрмейді,
Түсінген адамға ол қымбат,
Шолпының сыңғыры тұндырды,
Өз-өзім тұр едім қынжылып.
Қолыңды бергенің ұнады,
Күн суық, алақан жып-жылы.
Ар-ұят шыңырау шынарым,
Ішкенде қанатын құмарым.
Мені осы биікке көтерген,
Қазақтың өлеңін ұғары