25.07.2022
  114


Автор: Серікбай Бердияров

Тынысым тарылып бір демде...

Тынысым тарылып бір демде,
Абыржып жатамын күлмеңдер.
Өлімнен онша көп қорықпан,
Көпшілік мазары іргемде.
Құдірет амалы көп екен,
Жүріңдер сұрарым тек есен.
Деніңнің саулығы байлығың,
Разы боласын не десем.
Төбемде көк күмбез шаңырақ,
Қозы-лақ қосылды жамырап.
Кешегі ектірген көшетім,
Кеткендей біржола тамыр-ап.
Ақжарма сөзіме сенесін,
Жерлерде жүремін өнетін.
Қабірді қазуға қатыссам,
Керек деп тұрамын кең ету.
Жақсының қасына жақындап,
Жақсы сөз есіттім жақыннан.
Жайлауым жазира кеңіді,
Жалауын көтерді ақынжан.
Сабырсыз кісіге жатпаймын,
Өсекке қосылман жат-жайлы.
Тірлікке зәуімен жұмсасаң,
Болатын ісіңді жақтаймын.





Пікір жазу